Вашингтонның Копенгагенге тиесілі аралды иемденуге деген ұмтылысы 150 жылды қамтиды. Ақ үйге бұл мұзды жер не үшін керек?
АҚШ президенті Дональд Трамп пен әлемдік қауымдастық жуық арада Ресей соғысты аяқтауға қаншалық құлықты екенін білгелі отыр. Мәскеу үш жылдан асқан соғысын тоқтата ма, әлде Украинаны түгел жаулап алуға талпына ма?
Шпионаж жасады деп күдікке ілініп, Брюссельден тыныш қана шығарып жіберілген Ресей дипломаты ЕҚЫҰ-да маңызды қызметке ұсынылған.
Орталық Азия елдерінің бірде-бірінде жәрдемақы бала табуға ынтыландыра алмайды. Мұнда әйелдер "баланы өзіміз үшін табамыз" дейді, әйтсе де мемлекеттің көмегін қуана қабылдайды. Азаттық Азия аймақ елдерінде аналарға қандай көмек көрсетілетінін зерттеп көрді.
Қалыңдық қыз болмай шықты! Сотқа осындай арызбен жүгінген Тәжікстан азаматы қайын жұртынан тойға жұмсаған ақшаны түгел қайтаруды талап етті. Дәстүрлі тәжік қоғамында қыз үйленгенге дейін ешкіммен төсек қатынасына түспеуі керек, егер неке түнінде жас келін пәк болмай шықса, оны үйден қуып жібереді.
Украина прокурорлары, Батыстың құқықтық сарапшылары мен журналистер Ресейдің әскери қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинап, олардың бәрін құжатқа тіркеп, бірнеше санатқа бөліп шыққан. Жантүршіктірер бес қылмысты атап шығайық.
Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының лидері Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматының тергеу абақтысында бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шықты. Азаттық Азияға берген сұхбатында белсенді түрмеде өткізген бір жылы мен алдағы жоспары жайлы баяндады.
Тағы