АҚШ пен Украина Сауд Арабиясындағы келіссөзде маңызды келісімге келді. Украина әскері Ресейдің Курск облысында артқа шегінгені айтылып жатыр. Ресей Суджа қаласын қайтарып алғаны хабарланды. Соғыстағы ахуал. 11-12 наурыз.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен әлемдік қауымдастық жуық арада Ресей соғысты аяқтауға қаншалық құлықты екенін білгелі отыр. Мәскеу үш жылдан асқан соғысын тоқтата ма, әлде Украинаны түгел жаулап алуға талпына ма?
11 наурызда Мәскеу қаласы мен Ресейге жүздеген дрон шабуылдап, кемі екі адам қаза тапқаны хабарланды. Ресей Курск облысында қарымта шабуылға шығу үшін газ құбырларын пайдаланған. Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ арасындағы келіссөз басталды. Соғыстағы ахуал. 10-11 наурыз.
Украина қарулы күштері өткен түні Ресей әскерінің екі жүзден астам шабуылын тойтарғанын мәлімдеді. Ресей тарабы Украинаның газ қондырғылары бар инфрақұрылымын атқылап жатыр. Америкалық соғысты зерттеу институтының дерегінше, Ресей әскері биыл көктемде айтарлықтай әлсіреген.
Ресей Украина президентінің туған қаласы Кривой Рогты бомбалап жатыр. АҚШ-тың лауазымды өкілі Зеленскийдің сейсенбідегі мәлімдемесінен соң, Украинамен қатынаста жылымық пайда болғанын айтты. Франция ядролық қаруын Еуропа мен Украина үшін Ресей агрессиясынан қалқан ретінде пайдаланатынын мәлімдеді.
Украина прокурорлары, Батыстың құқықтық сарапшылары мен журналистер Ресейдің әскери қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинап, олардың бәрін құжатқа тіркеп, бірнеше санатқа бөліп шыққан. Жантүршіктірер бес қылмысты атап шығайық.
Ресей әскері Украинаға шабуылды үдетті. Одесса қаласы екі күннен бері дрон шабуылының астында қалды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірлескен жиынында сөз сөйлеп, Владимир Зеленскийден маңызды хат алғанын айтты. Еуропа тарабы қарулы күштерді нығайтуға арнайы қор құрмақ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмек түрін тоқтата тұруға шешім шығарды. Сарапшылар мұның салдары ауыр болатынын айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "ең ірі серіктесінен" әлі де күдер үзбейтінін мәлімдеді.
АҚШ пен Украина президенттерінің Ақ үйде журналистер алдында сөз таластыруы әлемдік геосаясатта үлкен дүрбелең тудырды. Осы «айтыстан» кейін Еуропа лидерлері Украинаға қолдау білдіріп, жаңа бейбітшілік жоспарын әзірлейтінін мәлімдеді.
Тағы