24 маусымда Түркияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазір елде сайлауалды үгіт-насихат қызу жүріп жатыр. Сайлауға барлығы алты кандидат тіркелген.
Түркиядағы президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат

1
Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 18 сәуірде елде ерте президент сайлауы өтетінін жариялап, кейін өз кандидатурасын ұсынды. Суретте Ердоғанның жақтастары. 17 маусым 2018 жыл.

2
Ердоған Стамбулда халық алдында сөз сөйлеп тұр. 17 маусым 2018 жыл.

3
Ердоғанның қолдаушылары. 17 маусым 2018 жыл.

4
Ердоғанның сайлау алдындағы жиыны. Стамбул, 17 маусым 2018 жыл.

5
Стамбул көшелеріндегі Ердоғанның сайлауалды баннері. 18 маусым 2018 жыл.

6
Түрмеде отырған түркиялық күрд саясаткері Селахаттин Демирташ та өз кандидатурасын ұсынған. 18 маусым 2018 жыл.

7
18 маусымда Демирташ мемлекеттік TRT телеарнасынан үндеу жолдап, Түркияның қазіргі саяси жүйесін "репрессивті режим" деп атады. Түркия заңы бойынша, президенттікке кандидаттың қоғамдық телеарна эфирінен 20 минут тегін үгіт-насихат жүргізуге хақы бар. Суретте Демирташтың жақтастары. 18 маусым 2018 жыл.

8
Президенттікке кандидаттардың бірі - Мухаррем Инже. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.

9
Мухаррем Инженің жақтастары. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.

10
"Жақсы" партиясы (IYI) атынан сайлауға түсіп жатқан Мерал Акшенердің үгіт-насихат плакаты. Стамбул, 16 маусым 2018 жыл.

11
Мерал Акшенер Стамбулдағы сайлауалды жиын кезінде сөз сөйлеп тұр.
ПІКІРЛЕР