Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Славянскіден кетіп жатқандар

1
Славянскіден қашып, Нижняя Крынка қаласына барған балалы әйел. 4 маусым 2014 жыл.

2
Нижняя Крынка қаласына қашып келген отбасы.

3
Бала православ кресін тағып жатыр. Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығы. 4 маусым 2014 жыл.

4
Тоғыз айлық балалары бар Аня Шевченко мен Сергей Смирнов та Славянскіден бассауғалап келген. Олар да Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығына орналасты. 3 маусым 2014 жыл.

5
Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығында ойнап жүрген балалар. 3 маусым 2014 жыл.

6
Славянск қаласынан ата-анасымен бірге қашып шыққан бала босқын отбасыларға уақытша берілген жатақханада тұрып жатыр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.

7
Славянск қаласынан ата-аналарымен бірге қашып келген балалар уақытша паналауға берілген жатақханада ойнап жүр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.

8
Уақытша паналауға берілген жатақханадағы балалар. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.

9
Славянск қаласынан келген адамдар Макеев коксохимия зауытының асханасында тамақтанып отыр. Макеевка, 4 маусым 2014 жыл.

10
Славянскіден қашып келген адамдар Макеев коксохимия зауытының аумағында жүр.

11
Краматорск тұрғындары Мәскеуге баратын автобусқа отырып жатыр. 4 маусым 2014 жыл.