Фото көрмеде барлығы 100 сурет болды. Осыдан бір жыл бұрын «Ерсай каспиан контрактор» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты, одан кейін «Қаражанбасмұнай» және «Өзенмұнайгаз» компанияларының жұмысшылары ереуіл бастады. Фотосуреттер осы ереуілдерді, Жаңаөзен оқиғасы мен Ақтауда болып жатқан Жаңаөзен-Шетпе сот отырыстарына дейін қамтыған. Janaozen.net порталы мен фотограф Асылхан Әбдірайымұлы ұйымдастырған бұл көрме мамырдың 15-сі күні Қарасай ауданына қарасты Алатау елді мекенінде, көшеде өтті.
«Мұнайшылар ереуіліне - бір жыл» атты сурет көрмесі

1
"Жас алаш" газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымов

2
Фотокөшірме. Суретте: Жаңаөзен оқиғасында ауыр жараланып мүгедек болып қалған, айыпталушы Айжан Дүйсенбаева

3
Фотолар ілінген стендті ұйымдастырушылар көшеге алып шықты

4
Жармахан Тұяқбай, ЖСДП төрағасы

5
Темірхан Медетбек, ақын

6
Фотокөшірме

7
Көрме өткізуді жоспарлаған үйдің иті үріп жатыр

8
Фотокөшірме

9
Фотокөшірме. «Жаңаөзендегі тәртіпсіздік» ісі бойынша соттың төрағасы Аралбай Нағашыбаев

10
Janaozen.Net сайтының бас редакторы Қасым Аманжол

11
Көшеде өткен көрмеде сөйлеп тұрған жазушы Ғаббас Қабышұлы

12
Фото көрмені көруге жиылған жұрт

13
Фотокөрменің жабылуын талап еткен өзін таныстырмаған шенеунік

14
Фотокөшірме. Суретте: Театр режиссері Болат Атабаев (оң жақта) ереуілдегі мұнайшылар алдында сөйлеп тұр