Қыркүйектің соңында Түркияның Хожаели қаласында 20 жасқа дейінші қыздар арасында шахматтан өткен әлемдік турнирде Жансая Әбдімәлік күміс медаль алды.
Жансая Әбдімәліктің жеңісі

1
Жансая Әбдімәліктің жүлде алған сәті.

2
Шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина, екінші орынды - қазақстандық Жансая Әбдімәлік, үшінші орынды ресейлік Алина Кашлинская алды.

3
Халықаралық шахмат федерациясы өкілдері Жансаяны жеке құттықтап тұр.

4
Жансая Әбдімәлікке халықаралық гроссмейстер атағына қажет нормаларды орындағаны үшін берілген сертификат.

5
Жансая Әбдімәлік (сол жақта) шахматтан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Гарри Каспаровпен (ортада) бірге.

6
Шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ұйымдастырушылары мен қатысушылары. Жансая Әбдімәлік - алдыңғы қатарда оң жақтан санағанда төртінші.

7
Оң жақтан екінші - шахматтан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Гарри Каспаров, төртінші - қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік.