Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін Сырдариядағы ескі паромнан өтіп жүр.
Аралдағы паром

1
Қызылжар ауылындағы 180-дей үйдің халқы осы паромнан өтіп, қара жолмен аудан орталығы Аралға дейін 110 шақырым жол жүріп барады.

2
Жүк көліктері паромға мінгені үшін 400-800 теңге аралығында ақы төлейді.

3
Ал жеңіл көлік иелері Сырдариядан бір рет өту үшін паромға 200 теңге береді.

4
Паром қызметкері Мараттың сөзінше, күніне кемінде 30 көлік өтеді.

5
"Қырымбек Көшербаев облысқа әкім болып келгенде жағдайымызбен танысып, жақын арада көпір салып беремін деп уәде еткен. Одан бері қанша уақыт өтті" дейді Марат.

6
Марат қазір паромның күйі кеткенін, тростары ескіргенін, шарасыздан жұмыс істеп тұрғанын айтады.

7
Тұрғындарды Сырдариядан ары-бері өткізетін паром кешкі сағат 9-дан кейін тоқтап қалады.

8
Бірақ паром жұмысшысы Марат кешкі 9-дан кейін аудан орталығына баратын шұғыл шаруалары шыққан тұрғындарды бәрібір өзеннен өткізіп салатынын айтады.