Ақтөбеде 5 маусымда жасалған шабуылдар кезінде қаза тапқан қала тұрғындары Николай Онищенко (68 жасында көз жұмған) мен Андрей Максименкомен (44 жасында оққа ұшқан) қоштасты. Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, атыстан 21 адам (13-і - шабуыл жасады деген күдікті, 8-і - бейбіт тұрғын) мерт болды. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.
Ақтөбеде мерт болған адамдармен бақұлдасты

1
«Паллада» қару-жарақ дүкені сатушысы Андрей Максименкомен қоштасу рәсімі ол еңбек еткен және 5 маусымдағы шабуыл кезінде қаза тапқан жұмыс орнында өтті. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

2
Андрей Максименкомен қоштасуға жиналған жұрт және полиция жасағы. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

3
Андрей Максименко 1972 жылы дүниеге келген. Бүгін, маусымның 8-і оның туған күні еді.

4
Андрей Максименкомен қоштасуға келген жұрт. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

5
Андрей Максименкомен қоштасуға келген жұрт. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

6
Андрей Максименконың сүйегін шығарған маңда тұрған полиция көліктері. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

7
5 маусым күні «Паллада» қару-жарақ дүкені тұсынан өтіп бара жатқанда қаза тапқан тұрғын Николай Онищенкомен қоштасуға келген жұрт. Қару-жарақ дүкені бұл үйдің бірінші қабатына орналасқан. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

8
Николай Онищенкомен қоштасуға келген адамдардың бірі. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

9
Николай Онищенкомен қоштасып жатқан жұрт. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

10
Николай Онищенкомен қоштасуға келген адамдардың бірі. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

11
Марқұмдардың сүйегін әкеткелі тұрған көлік. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.

12
Марқұмдармен қоштасу рәсімі өткен маңда тұрған полицейлер. Ақтөбе, 8 маусым 2016 жыл.