Азаттықтың карикатурашылары 2015 жылдың басты оқиғаларын шолып шықты.
2015 жыл - карикатурада

1
Еуропа Одағына Кремль арқылы созылған Қазақстанның "жақын әріптес" қолы.

2
"Дала демократиясының дауысы" ретінде сипатталатын айтыс өнері ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мұралар тізіміне енсе де, айтыскерлер сайысы билік партиясының ықпалынан шыға алмай қалды.

3
Билік оппозициялық БАҚ-ты түрлі сылтаумен тінтуді және жабуды жалғастыра берді.

4
Қазақстан 2015 жылы тағы да валюта дағдарысын бастан кешті.

5
Қазақстанның ғарышкері, ғарышта нақты қандай бағдарлама не зерттеумен шұғылданғаны белгісіз күйі қалған Айдын Айымбетов.

6
Экономикалық дағдарыспен қатар келген мереке - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде жоспарланған телесериал түсіру туралы уәделердің өзі телесериал құсап созылып кетті.

7
Биліктің әрбір интернет қолданушыға "қауіпсіздік сертификатын" жүктеуді міндеттеуі азаматтық қоғамда алаң тудырды.

8
2015 жылы жиілеген өзін-өзі өртеу акциясын көбіне билік орындарынан әділет пен араша тілеген адамдар жасады.

9
Қазақстанда өткен президентті ерте сайлау науқаны кезінде ресми тіркелген "бәсекелес" кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде "негізгі кандидатты" мадақтаумен болды.