Қазақстанда бүгін Құрбан айт мерекесін тойлай бастады. Таңертең қалалар мен ауылдық жерлердегі мешіттерде айт намазы оқылды. Нұр-Сұлтан қаласында құлшылық жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды. Әзірет-Сұлтан мешітіндегі намазға Қазақстанның бас мүфтиі қатысты. Мал базарда құрбандыққа арналған қой бағасы 100 мың теңгеге дейін жетті.
Нұр-Сұлтандағы Құрбан айт

1
Нұр-Сұлтанда Құрбан айт намазы таңғы 7:00-де басталады деп айтылған. Әзірет Сұлтан мешітіне жұрт бірнеше сағат бұрын ерте келді.

2
Құлшылық басталар алдында уағыз айтылды. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

3
Ішкі сыймағандар мешіт ауласына кілем төсеп жайғасты.

4
Айт намазына жиналған халық. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

5
Намаздан соң адамдар бір-бірін мерекемен құттықтады. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

6
Намаз оқылып болған соң мешіт алдында ұлттық ойындар ойнатылды. Соның бірі - қол күрес. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

7
Арқан тартуға қатысқан командалардың әрқайсысында бес адамнан болды. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

8
Астанадағы мал базарында қой бағасы 35 мыңнан 100 мыңға дейін саудаланды.

9
Сөмкеге салынған тірі қой. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

10
Мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

11
Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешіті.
ПІКІРЛЕР