Кентау – Қазақстандағы 27 моноқаланың бірі. Жергілікті билік 210 мың тұрғыны бар қалада ондаған мың адам "өзін-өзі еңбекпен қамтыған" деп көрсетеді. Тұрғындар жұмыссыздықтан қажыған азаматтардың басқа қалалар мен шетелге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр екенін айтады. Азаттық тілшісі моноқаланың бүгінгі тыныс-тірлігімен танысып қайтты.
Кентау: жұмыссыздық жайлаған моноқала

1
Кентау қаласына кіреберістегі белгі. Түркістан облысы, 17 ақпан 2021 жыл.

2
Түркістаннан Кентауға баратын жол бойында тұрған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар билборд.

3
Кентау қаласының орталық көшелерінің бірі. Түркістан облысы, 17 ақпан 2021 жыл.

4
Кентау қаласындағы бес қабатты ескі үйдің алдында тұрған автокөлік. Түркістан облысы, 17 ақпан 2021 жыл.

5
Кентаудағы "Береке" базарындағы саудагерлер. 17 ақпан 2021 жыл.

6
Кентаудағы "Береке" базарының маңында азық-түлік сатып тұрған адамдар.

7
"Нұркелді" сауда орталығының алдында құрт-май сатып отырған жергілікті тұрғын Гүлшат Жайжолова. Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

8
Кентаудағы екі қабатты ескі үйлердің бірінің ауласы. 17 ақпан 2021 жыл.

9
2017 жылы адам тұруға қауіпті деп танылған екі қабатты ескі үй. Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

10
2017 жылы адам тұұруға қауіпті деп танылған Сәкен Сейфуллин көшесіндегі №10 үйдің тұрғыны зейнеткер Нұриддин Қасымбеков (сол жақта) көршілерімен бірге. Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

11
2017 жылы адам тұруға қауіпті деп танылған екі қабатты ескі үй. Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

12
2017 жылы адам тұруға қауіпті деп танылған Сәкен Сейфуллин көшесіндегі №10 үйдің тұрғыны зейнеткер Күлия Өтемісова (алдыңғы қатарда). Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

13
Көпқабатты ескі үйдің сыртқы есігіне салынған құлып. Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

14
2017 жылы адам тұруға қауіпті деп танылған ескі үйде тұратын көп балалы ана Анастасия Николаева (оң жақта). Кентау қаласы, 17 ақпан 2021 жыл.

15
Көпқабатты үйдің ауласында отырған әйелдер.

16
Жылу құбырының үстінде ойнап отырған балалар.

17
Кентау қаласының тұрғыны Қалия Жандарбекова. Түркістан облысы, 17 ақпан 2021 жыл.

18
Жөнделген және жөндеу көрмеген көпқабатты ескі үйдің алдында тұрған адам.

19
Жөндеуден өткен екі қабатты ескі үйдің терезесінен далаға қарап тұрған әйел.

20
Кентаудағы сырты жөндеуден өткен үй мен оның ескі ауласы.

21
Кентау тұрғыны Зылиха Нышанбаева сырты жөнделген көппәтерлі үйдің алдында отыр. 17 ақпан 2021 жыл.

22
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан жеңіл өнеркәсіп колледжі ғимараты. Кентау қаласы, Түркістан облысы, 17 ақпан 2021 жыл.

23
Кентаудағы Яссауи көшесінің бойындағы "Береке" базары.

24
Кентау қаласы маңындағы ауыл тұрғындарының сүт өнімдері.

25
Кентаудағы "Береке" базарының маңында сүт сатып тұрған жалғызбасты әйел Алмагүл Жаманбаева әлеуметтік жағдайы осал отбасы ретінде үй кезегінде 582-орында тұрғаны жазылған құжатты көрсетті. 17 ақпан 2021 жыл.
ПІКІРЛЕР