Ақпанның 15-күні Пхенчхандағы қысқы олимпиадада Қазақстан спортшылары жүлде ала алмады. Қазақстандық биатлоншылар мен шаңғышылардың нәтижелері төмен болғаны соншалық алғашқы қырық спортшының қатарына ене алмады. Қазақстан бір қола медальмен жалпы есепте 19-орында тұр. Қола медальды фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева иеленген.
Шаңғышылар үшін сәтсіз күн

1
Пхенчхан ойындарында фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Ақмаржан Қалмурзаева финалға шыға алмады. Ол акробатикалық сальто айналып, қарға түскен кезде құлап жарысты ерте аяқтады. 15 ақпан 2018 жыл.

2
Фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен тағы бір қазақстандық Аяна Жолдас та құлап қалды. 15 ақпан 2018 жыл.

3
Екі командаласы құлаған соң Маржан Ақжігіт қиындық деңгейі оңай сальто секірді. Ол да финалға шыға алмады.

4
Акробатикада сынға түскен Жанбота Алдабергенова 13-орын алып, финалдан тыс қалды. Шешуші финалға 12 спортшы өтті. 15 ақпан 2018 жыл.

5
Биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыста Қазақстан құрамасының лидері Галина Вишневская ату кезінде үш рет мүлт кетіп, 45-орын алды. Ол "Пхенчхан Олимпиадасында үздік алтылыққа енуді жоспарлайтынын" айтқан. Бірақ мақсаты орындалмады. 15 ақпан 2018 жыл.

6
Галинва Вишневская жарыс біткен соң көңіл-күйі болмай, журналистерге сұхбат беруден бас тартты. 15 ақпан 2018 жыл.

7
Қазақстандық тағы бір биатлоншы Ольга Полторанина ату кезеңінде нысанаға екі рет тигізе алмады. Нәтижесінде 46-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл.

8
Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев 39-орын алды. Ол чилилік Хенрик Вон Аппен (34) және андораллық Хуан Вердуге (37) есе жіберді. 15 ақпан 2018 жыл.

9
Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы жарысқа қатысқан Мария Григорова 51-орын алды. 15 ақпан 2018 жыл.

10
Шаңғымен жүгіруде әйелдер арасында 10 шақырымға еркін әдіспен жүгіруде қазақстандық Валерия Тюленова 47-орынмен шектелді. 15 ақпан 2018 жыл.

11
Ал Елена Коломина мәреге 63-болып келді. 15 ақпан 2018 жыл.