Қуаңшылық – Орталық Азиядағы барлық елдерге тән проблема. Соңғы жиырма жылда аймақта жер құнары күрт кеміді. Кейбір есептер бойынша, Түркіменстанның 70 пайыз жері – шөлге айналған, Қазақстан мен Өзбекстанда да сортаң жерлер көбейген.
Шөл мен шөлейт жерлер

1
Түркіменстан жерінің үштен екісін құрайтын үлкен шөл – Қарақұмның ортасындағы ауыл.

2
Қазақстанда бұрын Арал теңізінің табаны болған шөлдегі ауыл тұрғыны құдықтан су тасып жүр.

3
Арал теңізінің бұрынғы орнында қалған ескі кемелерде ойнап жүрген ауыл балалары. Жалаңаш ауылының маңы, Қызылорда облысы, Қазақстан.

4
Түркіменстандағы Қарақұм шөлінде орналасқан Ербент ауылында.

5
Шөл далада тұрған "жарнама". Түркіменстан.

6
Қарақұмдағы шағын елді мекеннің бірінде. Түркіменстан.

7
Ауылдағы дүкен алдынан өтіп бара жатқан адамдар. Түркіменстан.