Ауғанстанда 10 жылдан астам шетел әскерінің тұруы ел экономикасына сеп болып келген еді. Бірақ бұл әскер енді ауған жерінен шығарылып жатыр. Солдаттардың тұрмыс-тіршілігін қамдаумен айналысып келген жергілікті халықтың табысы да ортайып қалды.
Ауғанстандағы тіршілік

1
АҚШ-тың Ауғанстандағы ірі аэродромы - Баграм.

2
АҚШ әскери базасының жанындағы Баграм базары. Аэродромнан ұрланған заттар осында сатылады.

3
Халим Баграм базарындағы дүңгіршекті жалға алған. Ол АҚШ әскери базасында жеті жыл жұмыс істеген. Биыл жұмыстан шығып қалды.

4
Хомаюн металл сатады. Ол АҚШ әскеріне бес жыл бойы темір жеткізіп тұрды. Бірақ биыл келісімшарт мерзімі аяқталды.

5
АҚШ әскері кетіп жатқандықтан, сауда жүрмей тұр.

6
Баграм қаласындағы қоқыстың бірі.

7
Баграм аэродромының шетіндегі контейнерлер.

8
"Обама базардың" шетінде сатылып жатқан АҚШ әскери аяқкиімдері.

9
Кабулдағы "Обама базар". Сауда орны бұрын "Буш базар», оның алдында «Брежнев базар" аталған еді.

10
Электроника дүңгіршегінің иесі басқа тауарлар сатуға көшкен.

11
АҚШ әскери базасынан ұрланған азық-түлік базарға шығарылады.

12
Азық-түліктен бөлек, "Обама базарда" АҚШ әскерінің құрал-жабдығы да сатылады.