Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жек (реслинг) 1950-жылдардан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын ондаған әйел өз мықтылығын дәлелдеу үшін рингке шығады.
Жапониядағы әйелдер жекпе-жегі

1
Жапон әйелдері биязы, ұяң деген стереотип қалыптасқан. Бірақ рингке шыққан әйелдерге мұның бәрін ұмытуға туралы келеді.

2
«Олар өмірінің бұл қыры туралы айтпауға тырысады. Мен ондай қыздарды көп кездестірдім. Әдетте өздерін биязы, ұяң ұстайтын олар рингке шықса болды, кенеттен өзгеріп шыға келеді» , – дейді реслер Крис «Вульф».

3
Көрермен қызыға тамашалайтын әрбір шоу қыздардың жаттығу кезінде төккен тері мен қажырлы еңбегінен...

4
... және алған жарақаттарынан тұрады.

5
Жапониядағы реслингтің ұлттық мәдениеттен сыр шертетін ерекше ережелері бар.

6
Мысалы, жасы үлкен қарсыластың көзіне тура қарауға немесе жарыс алаңынан олардан бұрын кетуге болмайды.

7
Мәдени ерекшеліктерге байланысты Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекте салмақ дәрежесі бойынша жіктеу деген жоқ.

8
Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекке түсіп жүргендерге төленетін ақша, спорттық өлшеммен алғанда, онша көп емес.

9
Жекпе-жекке шығатын әйелдер аптасына орташа есеппен 250 доллар алады.

10
Жекпе-жектердің театрландырылған түрі мен көз тартатын киімдері арқасында оны қызықтайтындар қатары жылдан жылға көбейіп келеді.