Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан тұңғыш президенті күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты мерекелік шара өтті. Онда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне арналған атаулы күнмен халықты құттықтады. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.
Президент күніндегі шара

1
Тұңғыш президенті күніне арнап өткізілген «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасы кезінде «Сарыарқа» велотрегіндегі үлкен экраннан көрсетілген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

2
Тұңғыш президент күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасына қатысушыларды құттықтау сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі жастар бақытты өмір сүріп жатыр» деді. Жиында сөз сөйлеушілер «Бақытты болудың формуласын Нұрсұлтан Назарбаев жасап бергенін» айтты. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

3
Тұңғыш президент күнінен арналған мерекелік шараға көрермен ретінде мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер қатысты. Суретте: Мерекелік шараға президент Нұрсұлтан Назарбаев келер алдындағы залдағы дайындық. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

4
Мерекелік шарада эстрада әншілері, ұлттық гвардия әскері өнер көрсетті. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

5
Сахнадағы мерекелік қойылым. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

6
Тұңғыш президенті күніне арналған концертке қатысушылар. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

7
Қазақстанның тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік шараға қатысушыларды «Сарыарқа» велотрегіне әкелген автобустар. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

8
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың автобус аялдамаларының біріне жапсырылған суреті. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.