Астанада бүгін тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир өтті. Тұңғыш президент күніне орайластырылған жарысқа 18 жасқа дейінгі 32 спортшы қатысты.
Тоғызқұмалақ жарысы

1
«Блиц» әдісімен өткен турнирде әр партияны ойнауға жеті минут уақыт берілді.

2
Тоғызқұмалақ турнирінің ең жас ойыншысы Ақжібек Манарбекқызы 2-сыныпта оқиды.

3
Астанадағы тоғызқұмалақ турниріне қатысушылар.

4
Тоғызқұмалақ - зеректік пен ептілікті қажет ететін ойын.

5
Әнші Бекболат Тілеухан (ортада) пен айтыскер Балғынбек Имашев (сол жақта) тоғызқұмалақ ережесімен танысып отыр.

6
Тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнирге қатысушылар жарыс аяқталған соң марапаттауға дайындалып тұр.

7
Астанада тоғызқұмалақтан өткен қалалық ашық турнирде бірінші орынды 11-сынып оқушысы Риза Нұрберген жеңіп алды. Екінші орынды 8-сынып оқушысы Есенбек Нұржан, үшінші орынды - бірінші курс студенті Айым Мұсаева иеленді.

8
Тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнирге қатысушылар жарыстан кейінгі естелік суретке түсті.