Бұдан жарты ғасыр бұрын Арал теңізінің суы тартыла бастады. Бір кездері Қарақалпақстандағы балық өнеркәсібі дамыған ірі орталық болған Мойнақ қаласының жұмыссыз қалған тұрғындары, теңіз шөлге айналған соң, Ресейден кәсіп іздеуге мәжбүр болды. Жергілікті халықтың көбі теңіздің тартылуын совет әскерилері жүргізген сынақтардың салдары деп санайды. Шынымен, совет кезінде бұл жерде әскери нысандар көп еді. Возрождение аралында бактериологиялық қару жасауға арналған лаборатория болған. Бір кездегі арал қазір құрлықтың бір бөлігіне айналған, онда НАТО мамандары советтік зертханаларды зарарсыздандыру шараларын жүргізген. Бұрын советтік химиялық қару полгионы орналасқан жерде қазір «Жаслық» түрмесі тұр, онда өзбекстандық саяси тұтқындардың жантүршігерлік жағдайда қамауда отырғаны айтылады. (Суреттердің авторы - Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Дмитрий Волчек)
Аралдағы Мойнақ

1
Мойнақ маңындағы «кемелер зиратында» қалған кеме қаңқалары. Бір кездері көк теңізден балық аулауға пайдаланылған кемелердің көбін кейін металл сынығын қабылдаушыларға тапсырған.

2
Совет заманынан қалған ескерткіштерден арылу шаралары қарқынды жүргізілетін Өзбекстанда мына бір белгі әлі сақталып қалған.

3
Соғыс құрбандарына орнатылған ескерткіш бүгінде орны шөлге айналған теңізді еске түсіреді.

4
Бір кездері осы жерде теңіз болған еді.

5
Мойнаққа апаратын жол.

6

7
Кеме қаңқасы.

8
Мұнда балықшылар тұрған.

9
Бұрынғы балық консерві зауыты қазір қаңырап тұр.

10
«Кемелер зиратында».

11

12

13

14
Мойнақ қаласының белгісі.

15
Мойнақтағы кафе.

16
Бұл жерде клуб және кинотеатр болған.

17
Сыртқы қабырғасында 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының белгісі бар тұрғын үй.

18
Үстіртте бұрын теңіз жағалауы болған жердегі сармат қорымы.

19
Бұрынғы теңіз табанында жатқан автобус қаңқасы.

20
Көкжиектен теңіз көзге шалынады.

21