Ресей 2014 жылы Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиадаға дайындалып жатыр. Ал суретші Василий Слонов осы дайындық пен жарнама науқанын әжуалаған сатиралық суреттер көрмесін ұйымдастырды. Ол суреттерде Ресейдегі қуғын-сүргін мен спорт көріністері қатар бейнеленген. Пермь қаласында өткен «Ақ түндер» атты мәдени фестивалге қойылған бұл көрмеге биліктің назары бірден түсті – фестиваль жабылды, шара өткен жер - Пермьдегі қазіргі заман өнері музейінің кураторы жұмыстан шығарылды. Жұмыстан босатудың себебі ретінде Слоновтың Сочи олимпиадасы символикасын дұрыс пайдаланбауы аталды.
Сочиге қош келдіңіз!

1
Василий Слоновтың сатиралық постерлерін жұрт экраннан көрді. Суреттің бірінде Иосиф Сталин "олимпиада аюы" ретінде бейнеленген.

2
Мына бір постерлерде орыс мәдениетінің символдары - матрёшкалар мен Чебурашка қорқынышты түрде бейнеленген.

3
Василий Слонов өзі салған "Сочиге қош келдіңіз!" атты суреттер сериясына қарап, күліп тұр.

4
Зират басына қойылатын белгілер мен оларға кигізілген хоккейшілердің бас киімі.

5
Совет кезеңінің қорқынышты символына айналған жерлерді - Гулаг, Чернобыль, Сибирь, Лубянканы көрсетіп тұрған баған.

6
Сочидің үстінен ұшып бара жатқан матрёшка-ұшақ.

7